Кеше Мәжілісте «Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп, онда Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасады. Министр өз сөзінде 2013 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша бюджеттің кірісіне 855,5 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскендігін ерекше атап кетті.
Кеше Мәжілісте «Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп, онда Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасады. Министр өз сөзінде 2013 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша бюджеттің кірісіне 855,5 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түскендігін ерекше атап кетті.
Министрдің мәліметіне қарағанда, кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне ықпал ететін аса күрделі сыбайлас жемқорлықты, қиын әкімшілендірілетін мәселелер айқындалған. Кеден одағы Біртұтас кеден тарифінің (БКТ) барлық номенклатурасы 11 352 тарифтік желіден (тауар кодтарынан) тұрады. 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап БКТ-да 5 223 СЭҚ ТН тауар кіші субпозициясы (46,3%) бойынша өзгерістер болды. Қолданыстағы тауар номенклатурасында мұнай өнімдерінің 91 түрі бар, олардың тек 52 түріне ғана экспорттық баж салынады. Қандай тауарға мөлшерлеме белгіленгендігін сырттан айқындау мүмкін емес, деген Б.Жәмішев 2015-2016 жылдарға арналған құрылыс жұмыстарына айтарлықтай көлемде қаржы көзделгендігін алға тартты. 2009-2012 жылдар аралығында есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрес шеңберінде 12 810 600,5 мың теңге сомасына кедендік бақылаудың техникалық құралдары сатып алынғаны ерекше атап өтілді.
2013 жылы 9 бірлік рентгентелевизиялық жабдықты сатып алу жоспарлануда, деген министр 2014 жылы кедендік бақылаудың техникалық құралдарын сатып алуға 80 549 мың теңге сомасында, санитарлық-карантиндік бақылау шеңберінде жабдық сатып алуға 121 500 мың теңгелік шығыстар қарастырылып отырылғандығын алға тартты. Көліктік логистикалық орталық құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілер «EUROTRANSIT TERMINAL», «EAT» АҚ, «GTI» АҚ, «КТЖ» ҰК» АҚ, «Форпост инвестиции и развития» ЖШС сияқты компаниялар болып табылады. Қазіргі уақытқа КО сыртқы шекарасындағы 17 автомобиль өткізу пунктінде 42 532 транзиттік декларация ресімделген. Комитет бір ХЖТ кітабы бойынша кепілдік сомасын халықаралық жүк тасымалын арттыра отырып, жүктердің сақталу кепілдігінің деңгейін арттыратын 100 000 еуро мөлшеріндегі «TIR+» транзитінің қосымша кепілдік ваучерлерін пайдалану арқылы 160 000 еуроға дейін көтеру мәселесін пысықтады. Тәуекелдерді басқару жүйесінің қолдану үдерісін автоматтандыру мақсатында 2011 жылдың басында «ТБСБ» деп аталатын «Электронды кеден» автоматтандырылған жүйесі компоненті енгізілді, деді Б.Жәмішев.
Электронды декларациялау ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмысты қаржыландыру Халықаралық Қайта құру және даму банкімен бірлесе Қазақстан Кеден қызметін дамыту жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта «Кедендік әкімшілендіру мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы әзірленіпті. Электронды декларациялауды енгізу бөлігінде заң жобасында электронды декларациялау кезінде ұсынылатын құжаттардың тізбесін қысқарту, құжаттардың электронды нысанын пайдалану мақсатында декларациялау, кеден қызметінің ақпараттық жүйесінде декларант және лауазымды тұлғалар жүргізетін әрекеттер жөніндегі ұғымға және нормаға түзету енгізу көзделеді.
Қосымша баяндама жасаған палатаның Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова кеден органдарында әлі де «бір терезе» қағидаты орындалмай отырғандығына назар аудартты. Бизнес қауымдастығы осы ретте кедендік ресімдеудің жеделдетілмей отырғандығына шағымдануын тоқтата қоймаған. Депутат сондықтан да мемлекеттік қызмет көрсету тізбесін кеңейту қажеттігін қарастыруды алға тартты. Басқа елдердің кедендік ақпараттық жүйелерімен интеграция орнатқан дұрыстығын ортаға салды. Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2013» рейтингі бойынша Қазақстан «Халықаралық сауда» компоненті жөнінен 185 елдің ішінде 182-ге тұрақтапты. Аталған ұйым мәліметтері көрсеткендей, Қазақстан тауарларды экспорттау үшін 9 құжат және 81 күн қажет екен. Ал Грузияда экспорт үшін бар-жоғы 4 құжат және 9 күн жетіп жатыр. Импорт үшін елімізде 12 құжат және 69 күн қажет болса, Грузияда сол деңгей сақталыпты. Барлығын қосқанда, яғни импорт пен экспорт үшін 83 рұқсат беру құжаты қажет екен.
Жалпы, отырыс барысында депутаттар көптеген сұрақтар қойып, өздерінің пікірлерін о