Әлем • 09 Мамыр, 2020

Матшидисо Моэти: Африкада пандемиядан 190 мың адам қаза болуы мүмкін

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ДДҰ – ның Африка құрлығына жауап беретін өкілі Матшидисо Моэти ханым қара құрлықта індеттің алдын алу шарасын күшейтпеген жағдайда 190 мың адам дерт салдарынан қаза табуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы CNN  ақпарат агенттігі хабарлады.

Матшидисо Моэти: Африкада пандемиядан 190 мың адам қаза болуы мүмкін

Яғни, қара құрлықта COVID-19-ға қарсы алдын алу шарасы тиянақты атқарылмаған жағдайда, құрлық тұрғындарынан 29-44 миллион адам дерттің тауқыметін тартуы көзге ұрып тұр.

Оның үстіне аталмыш құрлықтағы емдеу-сауықтыру орындары 5.5 млн адамнан артық ауру қабылдай алмайды. Демек, сақтық шаралары сақталмаған жағдайда, қара құрлыққа қауіп төнері хақ.

Өткен наурыз айында әлемдік денсаулық сақтау мекемелері жүргізген есепке жүгінсек, аталмыш құрлықтағы 47 мемлекеттің ортақ статикасы бойынша бір миллион адамға тоғыз төсектен келеді екен.

«Бұл үлкен қатер», - дейді Матшидисо Моэти ханым.