Екі күнге Кенесары көшесі жартылай жабылды. Атап айтқанда, Республика даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жүруде. 8-10 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелісті болдырмау үшін бағытын алдын-ала жоспарлауы керек.
«Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», – дейді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.