24 Қыркүйек, 2013

Күн тәртібі бекітілді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен Парламент Сенаты бюросының отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен Парламент Сенаты бюросының отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Бюро отырысында Эконо­ми­калық даму және кәсіпкерлік комитеті «2011 жылғы 25 та­мыздағы Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Корея Рес­публикасының Үкіметі арасындағы Бал­қаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған тех­никалық қызмет көрсету сала­сындағы келісімге өзгерістер ен­гізу туралы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Корея Рес­публикасының Үкіметі ара­сындағы хаттаманы ратифи­кациялау туралы» Қазақстан Рес­публикасы за­ңының жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

«ТМД-ға қатысушы мем­лекет­тердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартын ратифи­кациялау туралы» заң жобасына Конституциялық заңнама, сот жүйе­сі және құқық қорғау органдары комитеті бас комитет болып бекіді.

Сондай-ақ, отырыста Сенат де­путаттарын халықаралық парла­менттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттер пар­ла­менттерімен ынтымақтастық жөнін­дегі өңірлік топтарға жіберу жөніндегі ұсыныстар да қаралды.

Депутаттар, сонымен бірге, палатаның биылғы жылдың 26 қыркүйегінде өтетін келесі оты­ры­сының күн тәртібін де қарап, бе­кітті. Бұған қоса, келесі отырыста Се­нат депутаттарын халықаралық пар­ламенттік ұйымдарға және Пар­ламент Сенатының шет мем­ле­кет­тер парламенттерімен ынтымақ­тастық жөніндегі өңірлік топтарға жіберу жөніндегі ұсыныстар да қаралады.

Соңғы жаңалықтар