Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Түркістан: Егістікке 4 млрд 1 млн теңге көлемінде шығын келтірілген

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданында тасқын су салдарынан 11 елді мекеннің егістіктері зақымданған. Жалпы мыңнан астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілер тізімі жасақталып, 7639 гектар егістіктің шығыны 4 млрд 1 млн теңге көлемінде есептелген. Ал мал шығыны 297-ні құрады. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылған.

Түркістан: Егістікке 4 млрд 1 млн теңге көлемінде шығын келтірілген

«Комиссия шешімі бойынша әр дақыл түріне орай өтемақы жасалады. Ал ветеринариялық жағдай бойынша 297 мал зардап шеккен: 58 сиыр, 227 қой-ешкі, 16 жылқы, 2 түйе және 227 үй құстары суға аққан. Мал шығынын өтеу үшін нарықтағы баға бойынша 32 млн теңге шығынды есептеп, Үкіметке ұсынып отырмыз», деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов. Басқарма мамандары өлген әр малдың фотосын түсіріп, актісін дайындауда. Мал мен егіннің өтемақылары төтенше жағдайға байланысты ашылатын азаматтардың жеке шоттарына аударылады. Қосымша шот ашудың қажеті жоқ. Су тартылғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандар келіп, жердің құрамын, зақымданған күйін тексереді.

 

 

Түркістан облысы