24 Қыркүйек, 2013

Басымдықтарға баса назар аударылды

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясында Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының отырысына қатысты.

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясында Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының отырысына қатысты.

Сочиде, кеше түске дейінгі мезгілде Ұжымдық қауіпсіздік шар­ты ұйымы қорғаныс, сыртқы істер министрлері мен қауіпсіздік кеңе­сінің хатшылары бірқатар мәсе­лені қарастырды. ҰҚШҰ Бас хат­шысы Николай Бордюжа Қыр­ғыз Республикасының 2013 жылы Ұйымға төрағалық етуі кезеңінде ҰҚШҰ ҰҚК-нің желтоқсан (2012) сессиясы шешімдерінің орындалуы, Бішкектегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінің және ҰҚШҰ қызметінің басым бағыттарының жүзеге асырылуы жөнінде хабарлады.

Отырысқа қатысушылардың назары негізінен келешекте Ұйым­ның тәжірибе жүзінде сырт­­қы сая­си үйлесімділігі шара­ларының артуына, әскери құрамдас бөлігінің ны­ғаюына, қауіп-қатерге қарсы же­дел алдын алу шараларына, сон­дай-ақ, Ұйым қызметінің құ­қықтық, қаржылық және ақ­па­раттық қамтамасыз етілуіне аударылды.

Біріккен сессия отырысының күн тәртібіне 2020 жылға дейінгі кезеңде ҰҚШҰ ұжымдық қауіп­сіздігі жүйесі басқару орган­дары­ның бірлесіп жүзеге асыратын жедел және жауынгерлік дайындығы және күштері мен қаражатын қалыптастыру мәселелері енгізілді.

– Ұйымның әскери құрамдас бөлігінің дамуы үшін Ұжымдық жедел ден қою күштерінің қуатын арттыруға баса көңіл бөлу қажет. Бұл ұстанымды Бішкекте ағымдағы жылғы мамыр айында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған болатын, – деді Ұйым шеңберіндегі әскери ынтымақтастықтың ба­сым­дығы жөнінде Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.

Түстен кейін ҰҚШҰ-ға мүше мем­лекеттер басшыларының қа­­­тысуымен Ұжымдық қау­іп­­сіз­дік кеңесі сессиясының кең­ей­­­­тіл­ген пленарлық отырысы өт­кі­зіл­ді.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының қорытындысы бойынша қатысушылар Бірлескен коммюникеге қол қойды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар