Қазақстан • 09 Мамыр, 2020

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр

18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беретінін айта кеткен жөн.

Қазіргі күні 125 000-нан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді.

Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, [email protected] қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады.