Португалияда 200 мың оқушының компьютер немесе интернетке кіру мүмкіндігі жоқ. Білім беру ведомстволарының қызметкерлері, сондай-ақ пошта қызметкерлері мектептерде оқу материалдарын қағазға жинап, оны оқушыларға апарады, содан кейін орындалған тапсырмаларды жинап, оқытушыларға береді. Келесі аптадан бастап сабақтар теледидар арқылы көрсетілетін болады.
«Теледидар сабағын қарайтын балалар басқа мұғалімдерді көріп, жаңа көзқарас алады және бұл жақсы нәтижеге әкелуі мүмкін», — деп сендірді оқытушы.
Португалияның билігі коронавирусты инфекцияның пандемиясы салдарынан оқушылардың көпшілігі келесі оқу жылында ғана мектепке оралады деп шешім қабылдап отыр. Егер індеттің беті қайта бастаса, онда жоғары сынып оқушылары мамыр айының соңында сабақ бастайтын болады.