24 Қыркүйек, 2013

Сыртқы істер министрлігіндегі кеш

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында, 2013 жылғы 20 қыркүйекте Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту, оны қолдау және дамыту мақсатымен қазақ тілі кешін өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

 

Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында, 2013 жылғы 20 қыркүйекте Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту, оны қолдау және дамыту мақсатымен қазақ тілі кешін өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрі Ер­лан Ыдырысов кешті аша отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстанның бола­шағы – қазақ тілінде» деген сөз­дерінің терең маңызына тоқта­ла келіп, мемлекеттік тілдің қол­да­ныс аясын кеңейту барша қазақ­стандықтардың басты боры­шы екендігін атап көрсетті. «Қа­зір қазақ тілінің халықаралық қыз­меттегі рөлі артып келеді. Қазақ тілі­нің құдіретін, ата-бабаның асыл сөзін, ұлттық өнерді терең түсіну үшін бүгінгі кештің белгілі бір та­ғылымы болады деп сенемін», деді ол.

Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Асқар Муси­нов өз сөзінде Қазақстан хал­қы тілдерінің күніне орай рес­пуб­ликамыздың барлық өңірлерінде тіл фестивальдері, тіл айлығы, тіл апталықтары, мәдени-әдеби кештер, байқаулар, кездесулер, олимпиадалар, шығармашылық сайыстар өткізілгеніне, бұл кештің де осы тіл мерекесі аясына кіретін маңызды іс-шараның бі­рі екендігіне тоқталды. «Тіл­дерді дамытудың мемлекеттік бағ­дар­ламасында мемлекеттік тілі­міздің халықаралық қызметтегі рөлін арттыру міндеті алға қой­ыл­ды. Бұл мақсат Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді», деді ол.

Қазақ тілі кешінде дипломаттар: «Мақал – сөздің мәйегі», «Білімді мыңды жығар», «Өнерлі өрге жүзер» номинациялары бойынша тіл, білім, өнер сайысына түсті. Сондай-ақ, осы кешке арнайы шақырылған шетелдіктер – дипломатиялық корпустың бірқатар өкілдері қазақ тілін үйреніп жүргендіктері туралы айтып, өз елдері туралы қазақша әңгімелеп берді.

Соңғы жаңалықтар