Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Түркістан: Өзбек этномәдени бірлестігінен 10 млн теңгенің көмегі келді

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, кәсіпкер Бахадыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі мақтааралдықтарға азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, жиһаздар тиелген гуманитарлық көмек жеткізді. Көмек керуендегі мүліктің жалпы құны - 9 млн 862 мың теңге.

Түркістан: Өзбек этномәдени бірлестігінен 10 млн теңгенің көмегі келді

«Осындай қиын сәтте барша халық Мақтаарал тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келген  жәрдемін беріп жатыр. Түркістан қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де осы елдің тез еңсе тіктеуіне тілеулес болуда. Қазір эвакуациялық орталықтарда орналасқан азаматтардың сұранысы азық-түлік емес киім-кешек, көрпе-төсек пен гигиеналық заттар. Осы жайтты ескеріп, біз нағыз қажетті заттарды әкелуді жөн көрдік», дейді Бахадыр Ирисметов. Көмек керуеніндегі жүк  облыстық штаб қоймасына түсірілді. Жұрт аманатын жеткізіп берген бірлестік жетекшілері мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.

 

Түркістан облысы