Сеул билігі соңғы уақыттарда коронавирусты жұқтырғандар санының едәуір артуына байланысты барлық көңіл көтеру орындарының жұмысын шұғыл тоқтату туралы шешім қабылдады.
24 сағат ішінде Итхэвон ауданында коронавирусты жұқтырған 18 адам анықталды. Сонымен қатар 17 адамның бәрі бір адамнан жұқтырғаны белгілі болды.
Вирусты жұқтырған адаммен бір жарым мың адамға дейін байланыста болуы мүмкін деп болжануда. Қала мэрі мамыр айының басында Итхэвондағы клубтарға барғандардың барлығын коронавирусқа тест тапсырып, үйден шықпауға шақырды. Оңтүстік Кореяда вирусты жұқтырғандар саны 11 мыңға жақындап қалды.