Полиция қызметкерлері оқиға болған жерге келгенде, төртінші қабаттағы балконның жиегінде екі аяғын сыртқа салбыратып отырған отыздың шамасындағы әйелді көреді.
Жағдайдың әрі қарай қалай өрбитінін байқап үлгерген тәртіп сақшылары бірден іске кіріскен. Қылмыстық полицияның жедел уәкілі, полиция капитаны А.Ермұханбет әйелді сөзге тартып, алдарқата бастайды. Ал бұл кезде полицияның аға лейтенанты А.Балтабай балконның терезесі арқылы ішке еніп, өмірімен қош айтқысы келген әйелді құтқарып қалады.
Кейін анықталғандай, араққа тойған жас әйел сүре мас болыпты. Ал оны балконнан секірмекке итермелеген себеп – бақытсыз махаббат екен.
Қарағанды облысы