24 Қыркүйек, 2013

Ғафудың ғаламаты

354 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақтың қара өлеңінің ерен жүйрік ақбозатындай ылғи дүсір­лете шауып, немесе сондай бір сұрапыл шабысты әманда аңсау­мен нөсерлі ғұмыр кешкен кенішті ақын Ғафу Қайырбеков: «Жақсылық атты басыма байлап ту-жалау, Найзағай шабыт кеудемнен аттым күнде алау» деп келетін бір өлеңінде өзінің қайырлы болған қанатты жылдарына ақтарыла алғыс-рахметін айтқаны бар еді. Ақынның асыл үміті алдамапты. Көзі тірісінде алқаған қанатты жыл­дары, жанатты жырлары қай­ран Ғафаңды көзі жоқта да тас­тамады, қазақ руханиятының жұлдыздары самсаған алқаракөк аспанына жарқырата алып шықты. Қалың қазағына қадірменді Ға­фаңның 85 жылдығына орайлас Қазақстан Жазушылар ода­ғының Әдебиетшілер үйінде өт­кен мерейтойлық еске алу кеші ақжарма ақынға, оның азаматтық келбетіне деген ел сүйіспеншілігі әсте суымағанын байқатты. Қа­зақ­станның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, «Халықтар достығы» орденінің иегері деген сияқты мінәйі атақ-марапаттар құдіретті дарынның шынайы зор тұлғасының көлең­кесінде қалғандай еді. «Ғаламат» деген сөзінің мәтелі болушы еді. Иә, Ғафаң ғаламаты деген осы шығар.

Аруақты айрықша сыйла­ғандықтан да Астанадан арнайы жеткен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин жиынды ашып тұрып: «Алашқа Алласы бере салған ақын» деп тебіренсе, ол да рас. Ғафаңнан бір жас қана үлкен, бірақ бір күні туған, төл құрдастай тел өскен әдебиетіміздің абызы Тұрсынбек Кәкішевтің: «Ғафу қазақ­тың шын мәнісіндегі ұлы ақыны» деп қайыруы да құба-құп. Баяндама жасаған «Қазақ» газетінің бас редакторы, белгілі жазушы Қоғабай Сәрсекеев ақын жайындағы ағыл-тегіл аңыз бен ақиқатты тербеп, сырлы әңгіме тиегін ағытты. Одан кейінгі сөйлеушілер де Ғафаң ғажаптарын: қара тіл шешендігін, кісілік көсемдігін, ақпа-төкпе ақындығын, шумақ-шумақ шуақ­ты әзілдерін, мінезінің жасындығын айтып тауысар болмады. «Ғафудың тамадалығының өзіне бір Госпремия беру керек қой» деген Ғабаң – Ғабит Мүсірепов сөздері де, Әбдіраштың Жарасқанының «Қайда қарама, қайда барма, барлық жерде Ғафаң болатыны» туралы әзіл жарастыруы да – бәрі-бәрі еске алынды. Тағы бір замандасы, ақын Мыңбай Рәш Ғафаң шырқайтын Қасымның «Дариға сол қызын» үйден домбырасын ала келіп айтып беріп, көптің құмарын бір тарқатты.

Ғафутанушылардың алдыңғы легіндегі қаламгер Қайсар Әлім туған жері Қызбелдің ғажа­йып­тарын жай адамның тақымы тие бермес Қызкер тұлпармен аралап көріп, осынау киелі топы­рақтың ақ батасымен Алматыға аттанған Ғафаңның «Қызбел суреттері» атты топтама жырлары­мен қазақ поэзиясына ентелей, еркелей қосылғанын, атақты Қасым ақынның алқауына ие болғанын, одан әрі күллі қазақтың хан көтерген көзайым шайырына айналғанын әдемі толғап бір өтті. Ақын Нағашыбай Мұқатов бір ата жұрты саналар Қостанай елінің ыстық ықыласын жеткізсе, ізбасар інілер тарапынан белгілі ақын-жазушылар Софы Сматаев, Рафаэль Ниязбек ақын ағаға деген ілтипаттарын жыр жолдарымен өрнектеді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, көрнекті ақындар Иран-Ғайып пен Ұлықбек Есдәулет бірі Ғафаңның өлмес жырларын оқып егілдірсе, екін­шісі туған елі ақынға тарту еткен «Ғафукөлдің» тұңғыш тұң­ғиықгүлін ақынның жары Бәдеш апайға өзінің тереңге сүңгіп барып алып, қалай сыйлағаны жайлы қызықтарын айтып елжіретті.

Ақынның жары да ағынан жарыла тебіреніп, ел-жұртқа алғыс-рахметін ақтарды. Ақын жырла рының мәңгі өлмейтінінің айғағындай, «Ана туралы жырды» зал толы қауым кеш соңында қосыла шырқады.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар