Әлем • 10 Мамыр, 2020

Гугун сарайына 5 мың адамға дейін кіруге рұқсат етілді

553 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пекиндегі Гугун патша сарайы кешеніне билетті кемінде 24 сағат бұрын онлайн түрде сатып алу керек деп хабарлайды Weekend сайты.

Гугун сарайына 5 мың адамға дейін кіруге рұқсат етілді

Гугун патша сарайы  – Пекиннің қақ ортасындағы былайғы жұрт «жабық қала» атандырған кешен. «Жабық қала» әлемдегі ең үлкен  патша сарай кешені саналады. Мұнда қытайдың дәстүрлі мәдениеті мен өнерінің қымбат мұралары сақталған.  Қытай мемлекетінің әр дәуірдегі, әр кезеңдердегі баға жетпес мұралары  Гугун сарайына әлемнің түкпір-түкпірінен  келушілерді тартып тұрады.

Әлемдік пандемия жағдайында Гугун сарайы да жабық тұрды. Тек 1 мамырдан бастап сарайдың ашылатыны хабарланған болатын. Енді бұл сарай кешенге ұзағанда 5 мың адам ғана кіргізілетіні белгілі болды. Айта кету керек, Гугун сарайына биыл 600 жыл толып отыр.