Ғалымдар анықтағанындай, жер бетінде адамдар өте қатал және төтенше жағдайларда өмір сүруге тура келетін аймақтар бар екен. Осы орайда мамандар әлемнің интерактивті картасын әзірлеп, оған әрбір өңірдің температурасы мен ылғалдылық мөлшерінің адам ағзасына әсерін зерттеген.
Колумбия университеті ұсынған мәліметте Ламонт-Доэрти Жер обсерваториясының басшысы Колина Рэймондтың мақаласы арқау болып отыр. Science Advances журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жақын арада өмір сүру мүмкін емес климаттық жағдайлары қиын аймақтар қатарында Парсы және Мексика шығанақтарының жағалаулары, Үнді мұхитының жағалауларын, Үндістан, Бангладеш және Пәкістан көпшілік бөлігін, Қызыл теңіз жағалауын, сондай-ақ Калифорнияны және де Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Қытай, субтропикалық Африка аумақтары бөлігі мен Кариб бассейнінің аумағын атаған. Алдағы бірнеше онжылдықтарға болжам жасаған ғалымдар бұл өңірлерде ауа райының қымысы мен ықғалдылықтың көп мөлшерде болғандығы анықталған.