
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аумағындағы үлгілі іс
«Университет» деп аталатын бұл саябақтың ашылуына аталмыш оқу орыны, Алматы ауданы мен «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйытқы болғанын айту жөн. Саябақтың ашылу салтанатында сөз алған университет ректоры Ерлан Сыдықов жаңа демалыс орнының тек Еуразия Ұлттық университетінің ғана емес, бүкіл астаналық студенттердің басы қосылатын демалыс аймағына айналатындығын айтты. Саябақта сымсыз желі – WI-FI-ды үзіліссіз пайдалануға болатындығы студенттерді ерекше қуантты.
Шара соңында студенттер мен аға буын өкілдері саябаққа ағаш көшеттерін отырғызды.
Жасұланбек МАЙЛЫБАЙ.