Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Алматы облысы: Ресейден оралған 102 студент Қапшағай маңына оқшауланды

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ресей елінің түрлі жоғары оқу орындарында оқитын жетісулық 102  студент мінген ұшақ Алматы әуежайына қонды. Олар Томск қаласының әуежайынан ұшқан арнайы рейс арқылы елге оралды.

Алматы облысы: Ресейден оралған 102 студент Қапшағай маңына оқшауланды

Алматы әуежайынан студенттерді 2 арнайы автобус күтіп алып, Қапшағай маңындағы демалыс орнына жеткізді. 102 адам осы жерде екі күн карантинде болады. Оларға демалыс орны аумағынан сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Студенттер бірінші кезектегі қажеттіліктермен толық қамтамасыз етіледі.

- Бұл орында карантин талаптары мен санитарлық-дезинфекциялық шаралардың қатаң сақталуын тиісті сала мамандары бақылайтын болады. Демалыс орнына кіреберісте полиция посты орнатылған. Студенттердің барлығы КВИ-ге тест тапсырды. Қорытындысы шыққаннан кейін олар тұрғылықты жерлеріне таратылатын болады, - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Алматы облысы