24 Қыркүйек, 2013

Жанармай қорының жағдайы мүшкіл

480 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстан жанармай қауым­дастығының» өкілдері қазір тап осындай дабыл қағып отыр. Олар­дың айтуларынша, таяу күндерде осыған байланысты елімізде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы күрт шарықтап кетуі әбден мүмкін. Мұның соңында жанармайдың мүлдем болмай қалуы да ғажап емес.

Расында да көршілес елден жеткізілуі тиіс 234 мың тонна сұйық отын жанармай тапшылығын шешіп бере алмаса керек. Айта кетейік, бұған дейін Мұнай және газ министрлігінің бұйрығымен отандық үш компания ғана Ресейден мұнай өнімдерін жеткізуші оператор болып белгіленген еді.

«Егер сұйық отын болмаса, жанармай бекеттері оны талон немесе карточкамен саудалайды. «Қазмұнайгаздың» жанармай бекетінде кептеліс туындайды. Аз уақытта олардағы жанармай да таусылады. Біз мұның алдын алғымыз келеді», – дейді «Қазақстанның жанармай қауымдастығы» басқарма төрағасы Болат Әуетаев.

Тасымалдаушы операторлар Павлодар мұнай өңдеу зауытының жеткілікті деңгейде сұйық отынмен қамтамасыз етілмей отырғанын да тілге тиек етеді. Олар жанар-жағар­майды Ресейге қарасты стансадан авто­көлікпен жеткізіп отырған көрінеді. Бұл өз кезегінде онсыз да қымбат болып табыла­тын жанар-жағармай бағасының ша­рықтауына апарып соқтырып жатыр.

«Біраз күнде қазіргі аз қордың өзі таусылады», – дейді мамандар. Бұл кезеңде Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының қайта жөндеуге тұратынын ескерсек, жағдайдың мүшкіл бола түсетіні айқын аңғарылады.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар