Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Халық қандай жер учаскелері сатылатынын білу керек

388 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов  әкімдікте өткен  аппараттық жиын барасында  өңірдегі Жер қатынасы басқармасына қарасты саланы Цифрландыруды және жер алқаптарын үлестіру үрдісін ашық етуді тапсырды.

Халық қандай жер учаскелері сатылатынын білу керек

Әкімнің баспасөз қызметінің  мәліметінше, өйткені, өңірдегі бұл қызмет түрі әлі күнге дейін қағаз жүзінде  жүргізілуде.

Екінші мәселе - жер аукциондарын өткізу тәртібін қайта қарауды тапсырды. Мысалы, сауда-саттық туралы ақпарат 15 күн бұрын қала және аудан әкімдіктерінде, сондай-ақ жергілікті баспасөзде жарияланады.

- Бірақ, хабарландырулар  дұрыс  жүргізілімейтіндіктен сауда-саттықтың мұндай түріне жер сатып алушылар қатыса алмауда. Салдарынан аукционға он қатысушының орнына тек екеуі ғана шығады. Неліктен жер телімдерін сату бойынша сауда-саттық кестесін бір жыл бұрын жарияламасқа?! Бұл ақпаратты неге жасырасыздар? Халық қандай жер учаскелері сатылатынын білсін. Сонда олар құжаттарды дайындап үлгереді, қаржыландыру мәселелерін шеше алады. Егер бәсекелестік болса, жер ресурастары да біршама көтеріледі. Алдағы болатын сауда-саттық бір ай бұрын барлық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялануы тиіс. Бұл үрдістің ашық өтуі маңызды, - деді облыс әкімі.

Ал, Жер қатынастары басқармасының ресми сайтында ешбір  жаңашылдық байқалмайды,  2015-16-17 жылғы мәліметтер көрсетілген.

Біздің өңірдің емес, Алматы  облысының табиғи әсем жерлерінің фотолары  қойылған екен.

Сонымен бірге, отырыста Цифрландырудан бөлек, Жер қатынастары басқармасы өз салалары бойынша заманауи технологияларды, оның ішінде ғарыштан суретке түсіруді қолдану қажеттігі айтылды.

Бұл құралдардың тиімділігі - Жер ресурстарының тиімділігін талдап, жер қолданушылары тарапынан орын алатын жүйелі кемшіліктерді жоюға жол ашады.

 

Павлодар облысы