Оның айтуына қарағанда, клуб музейі мен ойын билеттері сатылмағандықтан 50 млн евро шығынға тап болса, тікелей трансляция үшін телеканалдар төлейтін 39 млн евро, клуб дүкендері мен футбол мектептері арқылы кіретін 20-25 млн евро табыс көзі тоқтап тұр.
Аталмыш клуб Испания чемпионатының 27-ші ойындарында 58 ұпаймен көш бастап келе жатқан болатын. 3 айдан бері бұл да тоқтап тұр.