24 Қыркүйек, 2013

Сенбілікте 4039 түп ағаш отырғызылды

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

СубботникӨткен сенбі күні Астанада «Біз таза қала үшін» санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру бойынша дәстүрлі жалпы қалалық сенбілік өтті. Бұл шара елордада 10 қыркүйек-10 қазан аралығында өтіп жатқан экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

Субботник

Өткен сенбі күні Астанада «Біз таза қала үшін» санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру бойынша дәстүрлі жалпы қалалық сенбілік өтті. Бұл шара елордада 10 қыркүйек-10 қазан аралығында өтіп жатқан экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

Жалпы қалалық экологиялық сенбілік аясында бас қаламызда қоныс тепкен қалалық және рес­публикалық ұйымдар «Астана-Зе­ленстрой» АҚ-пен бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызды. Ал­маты ауданында Ақжол және №14 көшелердің қиылысында қау жапырақты шегіршін, сүм­біл терек, қызыл тал, үйеңкі мен жиде ағашының 1848 көше­ті отырғызылды. Сарыарқа ауда­нында Тілендиев даңғылы бойынша Придорожный көшесінен бастап солтүстік-батыс айналма жолына дейін және Сарыарқа-Абай көшелерінің қиылысындағы саябақта 646 түп ағаш бой көтерді. Мұнда терек, үйеңкі, қарағай, бал­қарағай ағаштары гүл жаратын болады. Есіл ауданында 1545 түп ағаш, яғни Тұран даңғылы №31 көшеден «Астана жұлдызы» монументіне дейін ұсақ жапырақты шегіршін, ал Ботаникалық бақ ауда­­нына қарағай, арша, қайың, ше­тен және зерек ағаштары отыр­ғы­зылды. Жалпы қалалық сенбілік аясында 4039 алуан түрлі ағаш егілді.

Сонымен қатар, жиналған қоқыс тасу бойынша ондаған жүк тиегіш техника мен бригада жұмыс істеді. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, энергетика, көлік және құрылыс басқармаларынан ластанған жерлерді тазалау жә­не оны полигонға уақтылы кө­му үшін 30 жүк тиегіш және 90 үлкен жүк тасымалдайтын ма­ши­на бөлінді. Бұдан басқа, ком­муналдық, құрылыс және қаладағы басқа да кәсіпорындардың меха­низацияланған техникасы толық тартылды.

Астанада өткен жалпы қалалық сенбілікте тек Сарыарқа ауданы бойынша полигонға 13,58 тонна күл-қоқыс шығарылды. Сен­білікке 49 техника тартылды. Он­да меха­низацияланған және қол­мен жи­нау шаралары екі ауы­сыммен жүргізілді. Сонымен қатар, Сары­арқа ауданы бойынша суды тартып алу, жаңбыр суларын жинайтын құдықтар мен науаларды батпақ пен қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бас­қа, жалпы қалалық сенбілік аяқ­талған соң «Астана Тазалық» ЖШС күшімен қоқыс шығару және қаланы санитарлық тазалау шаралары одан әрі жалғасты.

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар