Осы шешімге сәйкес микроқаржы ұйымдары үшін капиталға қойылатын талаптарды арттыру мерзімдерін 6 айға, 2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылады.
«Қазіргі уақытта микроқаржылық қызметпен айналысатын және төтенше жағдайдың әсерінен қарыз алушыларға кейінге қалдырылған төлемдерді ұсынатын ұйымдар жұмысын тоқтатты және өздерінің жарғылық капиталын уақтылы толтыра алмайды. Осыған байланысты жоғарыда аталған ұйымдардың жарғылық және жарғылық капиталына қойылатын талаптарды белгілеу келесі жылдың басына қалдырылды» деп түсіндірді агенттік өкілдері.
2020 жылдың 1 қаңтарына дейін заңды тұлғалар ретінде тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент немесе облыс орталықтарында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрайды, басқа аймақтарда – 10 000 000 (он миллион) теңге.
2020 жылдың 1 қаңтарынан кейін заңды тұлғалар ретінде тіркелген, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент немесе облыс орталықтарында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері 100 000 000 (жүз миллион) теңгені құрайды, ал басқа аймақтарда – 50 000 000 (елу миллион) теңге.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент немесе облыс орталықтарында жұмыс жасайтын заңды тұлға ретінде тіркелген несиелік серіктестіктер үшін жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері 10 000 000 (он миллион) теңгені құрайды, ал қалған аймақтарда – 5 000 000 (бес миллион) теңге.
2020 жылдың 1 қаңтарынан кейін заңды тұлға ретінде тіркелген несиелік серіктестіктер үшін (жұмыс орнына қарамастан) жарғылық және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері 50 000 000 (елу миллион) теңгені құрайды.
Басқарма қаулысының және қаулының қосымшасының толық мәтіні Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.finreg.kz ресми сайтында «Агенттік туралы заңдар» бөлімінде орналастырылған.