Спорт • 11 Мамыр, 2020

Гарет Бэйл «Реалдан» кетуі мүмкін

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Уэльс ұлттық құрамасының жұлдызы Гарет Бэйл биыл Мадридтің «Реалынан» кетуі мүмкін. 

Гарет Бэйл «Реалдан» кетуі мүмкін

Кезінде Англия Премьер-лигасында «Тоттенхэмның» сапында жасындай жарқыраған Бэйл 2013 жылы «Реалдың» жейдесін киген еді. Ол кездегі жартылай қорғаушының трансферлік құны 100 миллион евроны құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш еді! Алайда алғашында тәуір ойнаған Гарет соңғы уақытта айшықты өнерімен көзге түспей жүр. Мәселен, биылғы маусымда 17 рет жасыл алаңға шыққан ол небары екі гол соғып, екі рет қана нәтижелі пас берді. Әрине, бұл жағдай корольдік клуб басшылары мен бапкерлерін қанағаттандырмағаны анық. Енді олар Бэйлді сатуға дайын.

Қазіргі кезде 30 жастағы футболшыға «Ньюкасл» көз тігіп отырған көрінеді. Егер қос тарап ортақ мәмілеге келсе, онда Гарет Бэйл қайта Англияға оралуы мүмкін.