24 Қыркүйек, 2013

Жүлде жауған күн

370 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

eurasia logo flag newsАлматыда кезекті кино мерекесі мәреге жетті. Қазылар алқасының төрағасы жаңазеландиялық жазушы әрі режиссер Джейн Кэмпион ханым Бас жүлде режиссерлер Нанни Эквтимишвили мен Симон Гросстың «Шешек атқанда» (Грузия) атты фильмге лайық деді. Ал өткен жылы «Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесі ешкімге бұйырмаған болатын.

Алматыда кезекті кино мерекесі мәреге жетті. Қазылар алқасының төрағасы жаңазеландиялық жазушы әрі режиссер Джейн Кэмпион ханым Бас жүлде режиссерлер Нанни Эквтимишвили мен Симон Гросстың «Шешек атқанда» (Грузия) атты фильмге лайық деді. Ал өткен жылы «Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесі ешкімге бұйырмаған болатын.

Еуразия-3

Еуразия-5

Еуразия-2Ал «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесіне «Менің апа-сіңлілерім» (Германия) кар­тинасындағы Йордис Требел мен «Мазаланба, Сара» (Иран) фильміндегі Елахе Хизариге бөліп берілді. Ал, ең үздік ер адам жүлдесіне «Ило Ило» (Сингапур) картинасындағы Ко Джа Лер мен «Сүйіктім» атты фильмдегі Карло Сеччи (Италия) ие болды.

Отандық туындылар ішінен Серік Апрымовтың «Бауыр» атты картинасы «Ең үздік режиссура» номинациясымен марапатталды. Жерлесіміздің айтуынша, жүлделі фильмді ол «Жапырақтар сыбдыры» атты картинасымен қатар түсіріпті. Аптаның бес күнінде аталмыш фи­льм, қалған екі күнінде «Бау­ыр» тү­сіріліп отырған. Екі картина да бір декорацияда және бір ғана актер­лердің құрамымен орындалған.

Осы арада жыл сайын негізгі Қазылар алқасының шешімінен бөлек, ФИПРЕССИ мен НЕТПАК жүлделері де өз үздіктерін тауып жататындығын айта кетелік. Биыл ФИПРЕССИ қазылар алқасының құрметіне Германия мен Сауд Арабиясы бірігіп түсірген «Ваджда» фильмі, НЕТПАК қазылар алқасының жүлдесіне жоғарыда аталған «Бауыр» мен Ресей, Қазақстан, Германия және Франция бірігіп түсірген «Теңізді күту» фильмдері лайық деп табылды.

Бір қызығы, биылғы «Еуразия» кино­фестивалінің соңғы баспасөз мәслихатында журналистерді ғана емес, фестивальдің жұмысын жандандыруға атсалысқан еріктілер, әуесқой фотографтар, мен бло­герлерге тосын сый күтіп тұр екен. Фес­тиваль демеушісі «KIT Group» компаниясы үлкен мәдени шара жұмысын жоғары кәсіби тұрғыда көпшілікке жариялап, таратқаны үшін БАҚ өкілдеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Олардың арасында «Еуразия» Бірінші арнасы, «Хабар» агенттігі, «Экспресс К», «Новое поколение», «Огни Алатау», «Комсомольская правда в Казахстане» газеттері және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Бұған дейін хабарланғандай, мәдени шарадағы басты маңызды оқиғасы «Қазақстандық киножобалар базары» болды. Екінші жыл қатарынан осынау бизнес-алаң жас режиссерлардың жаңа жобаларына баспалдақ болып отыр. Биыл кинематографистерге арналған қаржылай қолдауға Әділхан Ержановтың «Алиюшкасы» мен Серік Әбішевтің «Адемока» жобалары ие болды.

Фестивальдің тағы бір арнаулы жүл­десі ВГИК ректоры, ресейлік «Ар» карти­насының продюсері Владимир Малышевқа берілді. Ол Қазақстан киноөнерін дамытып, қазақ киносының әлемдік фестивальдардан салтанат құруына қолдау көрсетіп келе жатқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше алғыс білдірді.

Тоғызыншы халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің президенті, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев отандық киноның басы-қасында жүріп, оның алға ілгерілеуіне үлес қосқан ұлттық кинематографистер мен фестивальдің айтулы қонақтарына алғыс білдіре отырып, келесі жылы «Еуразия» кинофестивалі алғашқы мерейтойын атап өтетіндігін еске салды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар