Президент • 11 Мамыр, 2020

Қ.Тоқаев: 1 млн 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты, сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында жасаған мәлімдемесінде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн екенін атап өтті.

Қ.Тоқаев: 1 млн 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты, сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн

«Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты. Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады. Саябақтар ашылады. Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады. Көптеген шектеулер алынып тасталды»,- деді Мемлекет басшысы.

Президент күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн екенін ескертті.

«Алайда, күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанған жөн. Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек» деп атап өтті Мемлекет басшысы.