Президент • 11 Мамыр, 2020

Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді - Мемлекет басшысы

3506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей беретінін және індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін екенін айтты.

Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді - Мемлекет басшысы

«Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді. Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс. Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе. Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет» деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін екенін айтты.

«Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін. Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек. Індет қайта өршіген жағдайда Үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайды»,- деді Мемлекет басшысы.