Президент • 11 Мамыр, 2020

Президент Мақтааралда күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңасы салынатынын мәлімдеді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтты.

Президент Мақтааралда күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңасы салынатынын мәлімдеді

«1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында су тасқыны болды. Бұл – техногенді сипаттағы төтенше жағдай. Мақтаарал ауданына қарасты 5 ауылдың 1 мыңнан астам тұрғын үйін су басып қалды. Сондай-ақ 9 елді мекенді су басу қаупі туындады. Шұғыл қабылданған шаралардың арқасында су тасқынының әрі қарай таралуына жол бермедік. Қазір су тасқынының зардаптарын жою, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету басты назарда»,- деді Мемлекет басшысы.

Президент ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

«Жалпы күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынады. Зардап шеккен әрбір адамға  100 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді.  Мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны өтеледі. Жалпы, зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Оларға жәрдем береміз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.