«Бүгін Мемлекет басшысы елімізде 2020 жылғы 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдай режимін тоқтатқанын хабарлады. Коронавирус инфекциясының қаупі әлі сейілген жоқ. Бүгінгі күні ең маңызды және қажетті шара бұл азаматтарымыздың денсаулығын сақтау. Сондықтан карантин режимі әлі де сақталады. Оны ұстау және ұстану баршамыздың міндетіміз. Карантиннің шектеулері бойынша әр өңірдің жағдайларына байланысты жеке қаралып шешілетін болады. Екі айға жуық созылған төтенше жағдай режимі жағдай кезінде атқарылған шаралар: Біріншіден, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін арнайы құрылған Мемлекеттік комиссияның 18 отырысы бүгінде өткізілді. Оның ішінде 500-ден аса нақты шараларды қамтыды. Елдің экономикалық жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге әрбір азаматтардың жеке тағдырына байланысты көптеген сұрақтарды күн тәртібінде қаралды. Екіншіден, Мемлекет басшысының шешімімен 4 млн-ға жуық зейнеткер мен жәрдемақы алушылардың төлемдері жылдық мөлшерде 10%-ға арттырылды. Бұған қосымша 313 млрд теңге қарастырылды. Үшіншіден, 1 млн мұқтаж азамат 7 млрд теңгеге азық-түлікпен қамтамасыз етілді. 4,5 млн табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемдер тағайындалды. 1,6 млн жуық мұқтаж отбасыға коммуналдық төлемдерді өтеу үшін қаржылай көмек көрсетілуде» деді ол.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше