Қазақстан • 11 Мамыр, 2020

Бүгіннен бастап 42500 теңгеге өтініш қабылданбайды - министр

5273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Бүгіннен бастап 42500 теңгеге өтініш қабылданбайды - министр

«Осы күнге дейін 4 млн 539 мың адамға 42500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. Барлығы 193 млрд теңге берілді. Оның ішінде осы Төтенше жағдайдың бірінші айында, яғни 16 сәуірге дейін 3 млн 735 мың адам өтініш берген. Осы адамдар екінші айда да төлемдерін алуға құқылы. Ол төлемдерді біз іске асыра бастадық. Мамыр айының басынан 2 млн-ға жуық адамның шешімін рәсімдеп, 99 млрд теңге банктерге жібердік. Біраз азаматтар алып үлгерді. Қалғандарына да беріледі», - деді министр Б. Нұрымбетов.

Министр бүгіннен бастап өтініштердің қабылданбайтынын атап өтті.

«Бүгін төтенше жағдай режимі аяқталды. Сондықтан да біз бүгіннен бастап 42500 теңгеге жаңадан берілетін өтініштерді қабылдауды тоқтатамыз. Бірақ осы 11 мамырға дейін өткізілген өтініштердің барлығы міндетті түрде қаралып, ережеге сәйкес болса, тағайындалып, төленетін болады», - деді Біржан Нұрымбетов.