Қоғам • 11 Мамыр, 2020

«Түркістан» қорына 117 млн теңгеден астам қаржы түсті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында қаражат жинау ісі  «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қоры арқылы жүргізілуде.

«Түркістан» қорына 117 млн теңгеден астам қаржы түсті

Ол үшін арнайы есеп-шот ашылып, барлық  БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде бүгінгі таңда қорға  117 млн теңгеден астам қаржы түскен.  Бұл  қаржылар аудандағы тұрғын үй салу, егін мен мал шығындарын өтеу бағытындағы жұмыстарға бағытталады.

Аталмыш қор өз жұмысын өткен жылғы Арыс қаласындағы төтенше жағдай   кезіндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүзеге асыруда. Сол кезде қор арқылы қалпына келтіру құрылыс жұмыстарына және Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына бағытталған қыруар қаражат жиналған болатын.

 

 

Түркістан облысы