Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Мақтаарал ауданында 300-ден астам жергілікті тұрғын құрылысқа тартылған

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында бірқатар ғимарат құрылысы аяқталуға жақын. Еліміздегі төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен карантин талаптары сақталады. Яғни сақтық шаралары, әсіресе, құрылыс саласында жалғасады.

Мақтаарал ауданында 300-ден астам жергілікті тұрғын құрылысқа тартылған

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды жаңғырту аясындағы жұмыстар барысы жайлы есеп алған лездемелік мәжіліс отырысында қала әкімі Рашид Аюпов оқушылар сарайы, 7 мың орындық стадион, Ұлттық қолөнершілер орталығы, амфитеатр, Керуен сарай, аттракциондар саябағы, бассейні бар спорт кешені, келу орталығы, басқармалар мен департаменттер үйінің ғимараттарындағы құрылыстың басым бөлігі аяқталғанын жеткізді. Бүгінде олардың айналасын жасыл желекке бөлеп, абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Құрылыс жұмыстары Мақтаарал ауданында да қарқын ала түспек. Жаңадан салынатын шағын ауданда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыс алаңына тартылған 600-ге жуық жұмысшының жартысынан астамы Жетісай мен Мақтаарал ауданының тұрғындары. Сондай-ақ апталық лездемеде су алған үйлердің, мал басы мен егістік алқаптарының құжаттары жинақталып, сараптама жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.