Интернет арқылы қашықтан жұмыс істеу өнімнің жаңа нарықтарын ашуға және тапсырыс берушілердің тапсырыстарына жылдам жауап беруге мүмкіндік берді. Бұл бәсекелестіктің артуына, сатылымның өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні түсінікті.
Осы ретте пандемияға байланысты дағдарыс жағдайында 85 пайызға жуық қызмет түрі қашықтан қызмет көрсету форматын пайдаланғанын айта кету керек. Әрине, цифрлы экономикадағы мұндай прогресс адамдардың өмірін едәуір жеңілдетеді.
Бүгінде экономика мен қоғамның дамуын анықтайтын ғаламдық даму тенденциясы цифрлы экономиканы қалыптастыруда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас толығымен цифрлы форматқа, яғни қарым-қатынассыз жүйеге көшуі тиіс деген тапсырмасын заман талабынан қалыс қалмау деп қабылдағанымыз дұрыс. Өйткені жұмысты қашықтан істеудің сәтті форматы маңызды мемлекеттік шешімді қабылдауда жаңа технологияларды қолданудың қажеттігін көрсетті.
Мемлекет басшысы экономика мен қоғамды цифрландыру процестерінің бәріне жаңа серпін берудің маңызы зор екенін атап өтті. Ол орынды деп санаймын.
Ажар БЕЙСЕНБАЕВА,
экономист