ХХ ғасырдың басында қазақ даласында бұқаралық ақпарат құралдарына деген сұраныс ұлғая бастады. Қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері Ресей империясының Петербург, Мәскеу, Уфа, Қазан, Орынбор, Омбы, Саратов, т.б. қалаларында оқып жүрген кездерінде сол жерлерде жарық көрген газеттердегі озық ойлы мақалаларды ел ішіне кеңінен насихаттады. Ұлттық баспасөздің өсуі қазақ зиялыларының жетіліп, қалыптасуына мол мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде халық арасында ғылым мен білімге деген құлшыныс арта түсті.


ХХ ғасырдың басында қазақ даласында бұқаралық ақпарат құралдарына деген сұраныс ұлғая бастады. Қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері Ресей империясының Петербург, Мәскеу, Уфа, Қазан, Орынбор, Омбы, Саратов, т.б. қалаларында оқып жүрген кездерінде сол жерлерде жарық көрген газеттердегі озық ойлы мақалаларды ел ішіне кеңінен насихаттады. Ұлттық баспасөздің өсуі қазақ зиялыларының жетіліп, қалыптасуына мол мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде халық арасында ғылым мен білімге деген құлшыныс арта түсті.
Қазақстанның батыс өлкесінде «халықтың көзі һәм сөзі» ретінде газет шығару идеясы көтерілген тұста көш басында Е.Бұйрин, Ғ.Қараш, Б.Қаратаев, А. Мәмбетов, Б.Ниязовтар тұрды. Соның ішінде Батырқайыр Түсіпұлы Ниязовты бөле-жара айтуға тура келеді. Республика деңгейінде аты сирек аталғанымен, қоғамдық-саяси өмірдегі сан-салалы қызметтерінің ішінде оның газет шығару саласына да қатысы болғанын растайтын деректер бар.
Ресей Федерациясы, Астрахань облысы мемлекеттік мұрағат қорларында еліміздің төл тарихына қатысты аса маңызды құжаттардың бірі – алғаш «Алаш» газетін шығару туралы құнды мәліметтер. Онда Батырқайыр Ниязовтың тұңғыш рет «Алаш» газетін шығаруға қатысты құжаттары жинақталған ( РФ Астрахань облысы мемлекеттік мұрағаты(АОММ), 1 қор, 2 тізімдеме, 1218 іс).
Өмірге келетін жаңа газеттің атауын «Алаш» қоюының өзінде де бірнеше мән-мағына бар болатын. «Алаш» атауы қазаққа жақын да, қастерлі еді. «Алаш» – ежелгі қазақ тайпаларының ең алғашқы қауымдастығы, біріккен одағы, сонымен бірге ата-бабаларымыздың, яғни барлық қазақ жұртының қасиетті ұраны болатын.
Сондықтан да үнпарақты шығаруға ниеттенген тұлға елдің басындағы қиын-қыстау жағдайды аңғарып, халықтың отарлық бұғаудан босануы мен өткір үн қатуына осы отау дем беріп зәредей себепші болсын дегенді ойлаған сияқты.
«Тургайская газетінің» 1908 жылы, 15 маусым күні шыққан санында «К изданию казахской газеты» атты мақала жарық көрді. Аталған мақалада Санкт-Петербургте қазақ тілінде газет, журнал және кітапшалар шығару үшін қоғам ұйымдастырылғаны жазылады. Бұл қоғамды құруды қолға алған белгілі байлар – И.Жаманшалов пен Рамьев. Империя астанасынан шығарылатын болашақ «Алаш» газетінің редакторлығына Б. Қаратаев шақырылады (К изданию киргизской газеты // Тургайская газета №24, 15 июня 1908 г).
Қазақ зиялылары «Алаш» атауының түп-төркіні еркіндікті білдіретін қасиетті ұғым екендігін қастерлей білген.
Алаш қайраткерлерінің бірі Х.Досмұхамедов 1913 жылы «Қазақ» газетіне «Алаш не сөз?» тақырыбымен мақала жариялап, мағынасына анықтама бергені мәлім. («Қазақ» газеті /Бас редактор Ә. Нысанбаев/. -Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, 39 б). Қазақ оқығандарының Батыс Қазақстан өңірінде «Алаш» атауымен газет шығару мақсаттары жүзеге аспағанымен, кейін осы атаумен үкімет, партия құрылды. Ал «Алаш» газеті 1916 жылы К.Тоғысовтың редакторлығымен Ташкент қаласында жарық көріп, өмірі қысқа болып 1917 жылы жабылғаны белгілі(Ұ.Суханбердина. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Алматы, Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапхана, 1999, 56 б).
Ташкентте шыққан «Алаш» газетінің атауы бір кездері күн тәртібіне көтерген Батырқайыр Ниязовтың бастамасының заңды жалғасы болды және оның өзіндік себептері де бар. Алаш зиялылары отарлық езгі мен феодалдық мешеуліктен арылу, аяқасты болған ұлттық мүддені қорғау, қазақ елін мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосуда бір-бірімен пікірлес, ниеттес болғандығы сөзсіз. Сондықтан да Б.Ниязовтың «Алаш» газетін шығару идеясының жүзеге асуы деп түсінгеніміз жөн.
Енді алғаш «Алаш» деп айдар тағып, үкілеген газет неге шықпай қалды дегенге тоқтала