Экономика • 12 Мамыр, 2020

Карантиндік шектеулер ел экономикасына қалай әсер етті?

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылғы елдегі қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында сөз етті.

Карантиндік шектеулер ел экономикасына қалай әсер етті?

«2020 жылғы қаңтар-сәуір бойынша елдің экономикалық дамуы тауарлар өндірісі бойынша 5,8 пайызға өсті. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтер 4,8 пайызға азайды. Осының нәтижесінде жалпы ішкі өнім 0,2 пайызға төмендеді. Қызметтер саласындағы төмендеу қабылданған карантиндік шектеулермен байланысты.  Жылдық инфляция 6,8 пайызды құрады. Өндіріс секторындағы өсу - 7 пайызға, кен өндірудің өсуі - 6 пайызға, құрылыс саласы -  5,5 пайыз, ауыл шаруашылығының 2,2 пайызға өсуі байқалды», деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, қызметтер секторы 4 пайызға төмендеген.

«Оның ішінде  көлік секторы 11 пайызға, сауда 8,9 пайыз, әкімшілік қызмет көрсетулер 4 пайыз, жылжымайтын мүліктерде жасалатын операцияларда 2,7 пайызға төмендеді. Бұл ретте байланыс қызметтері қаңтар-сәуірде 9,6 пайызға артты. Егер сәуірді жеке қарайтын болсақ,  карантиндік ай өткен жылмен салыстырғанда, көрсетілетін қызметтер саласы 17,5 процентке  төмендеді. Атап айтқанда сауда және көлік 3,1-ге, әкімшілік қызмет көрсету 22,5 процентке, және жылжымайтын мүліктермен жасалатын операциялар 9,9 пайызға төмендеді. Бұл төмендеулер карантиндік шектеулермен байланысты», деді ол.

Сондай-ақ сыртқы сауда 21 млрд долларды құраған. Экспорт 4,2 пайызға ұлғайып, 13,9 млрд долларға жетті. Бұл ретте импорт 7,1 млрд долларға дейін төмендеді. Сауда балансының сальдосы өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 9 пайызға артып, 6,8 млрд доллар болды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50