Әлем • 12 Мамыр, 2020

Дүниежүзінде болған апатты жағдайлар: 10 мамыр

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл топтамада бір күнде дүниежүзінде болған табиғи апатты жағдайларды жариялап отырамыз. 10 мамырда болған ірі оқиғалар:

Испанияның Посоондо муниципалитетінде нөсер жауды. Кешкі сағат 18.00 шамасында бір шаршы метрге 45 литр көлемінде жауын жауған. Аз уақытта қала көшелері суға толды. Соққан дауыл көршілес мекендерде бұршаққа ұласты.

п


Сауд Арабиясының солтүстігінде орналасқан Хафр-эль-Батин қаласында жылдамдығы 100 км/сағ шаң-тозаңды боран тұрды. Қарқыны қатты болғаны сонша қалада бірқатар ғимарат қирап, көліктер төңкеріліп қалған. Бастысы жергілікті халық зардап шекпеген.

н


Францияның батысында найзағай ойнап, нөсер жауды. Салдарынан 100-ге жуық дүкендер мен тұрғын үйлер су астында қалған. Табиғи апатпен күреске 28 құтқару орталықтары құрылып, 156 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Осы секілді ауа райы 9 мамырда Парижде де болған.

,,,,,


Тағы бір шаң-тозаңды боран Ирактың Аль-Анбар аумағында соқты. 5 метр қашықтыққа дейін айналаны көру мүмкін болмады. Жалпы қазір Ирактың көп бөлігінде құрғақшылық. Мамандар соңғы кездері мұндай шаң-тозаңды боранның Ирак пен Иран аймағында көбейіп кеткенін айтып отыр.

гггг


Индонезияның Чимахи қаласында нөсер жауып, су тасқынына алып келді. Кейбір жерлердегі су деңгейі 1 метрге дейін жеткен. Тұрғын үйлер мен көліктер зардап шекті.

е


Бельгияның Антверпен қаласында жылыжай шаруашылығына жақын жерде құйын тіркелді. Зардап шеккендер болмаған.

п


Ресейдің Пермь өлкесінде сел жүрді. 100-ден астам үй су астында қалып, 200-дей адам эвакуацияланған.

уу