Спорт • 12 Мамыр, 2020

Шахматшылардың онлайн-турниріне Жансая Әбдімәлік қатысады

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге әйгілі шахматшылардың қатысуымен 15-17 мамыр аралығында ФИДЕ-нің онлайн-турнирі өтеді. Бұл жарыс әйгілі Вильгельм Стейницті еске түсіруге арналады. 

Шахматшылардың онлайн-турниріне Жансая Әбдімәлік қатысады

1836 жылы сол кездері Аустрия империясының қарамағында болған Прага қаласында туып-өсіп, кейіннен АҚШ-қа қоныс аударған Стейництің есімі тұңыш әлем чемпионы ретінде тарихта қалды. Бұл атаққа ол 1886 жылы қол жеткізді. Кейінен де көптеген дүбірлі додаларда дараланды. 1884 жылы Вильгельм Германияның өкілі Эмануэль Ласкерден ұтылғаннан соң чемпиондық тәжден айырылды. Шахматтан бөлек, ол журналистикамен де, әдебиетпен де, саясатпен де айналысты. Атақты шахматшы осыдан 120 жыл бұрын, яғни 1900 жылдың жазында 65 шасқа қараған шағында о дүниеге аттанды.

Вильгельм Стейницті еске түсіруге арналған турнирде біздің Жансая Әбдімәлік те өнер көрсетеді. Қазақ қызы ресейлік Екатерина Лагно мен Александра Костенюк, қытайлық Лэй Тинцзе мен Тань Чжонъи, болгариялық  Антоанета Стефанова, франциялық Мари Себаг, ирандық Сарасадат Хадемальшарьех, германиялық Элизабет Паэтц және перулық Дейси Коримен шеберлік байқасады. Ал ерлер арасындағы жарыста әлем чемпионы норвегиялық Мангус Карлсен бастаған бір топ саңлақтар сайысқа түседі.