Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Бөрлі ауруханасы жаңа көлікті болды

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы «Қазбұргаз» акционерлік қоғамы Бөрлі аудандық ауруханасына су жаңа жедел жәрдем көлігін сыйлады. Компанияның вице-президенті Б.Дүйсенов бас дәрігер міндетін атқарушы Шыңғыс Сәрсенғалиевке көлік кілтін салтанатты түрде табыстады.

Бөрлі ауруханасы жаңа көлікті болды

Ірі өндіріс орындары шоғырланған Бөрлі ауданындағы ауруханада бұған дейін 19 жедел жәрдем көлігі бар еді. Бірақ олардың дені тозып тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан аудандық аурухананың автопаркі жыл сайын екі жедел жәрдем көлігімен толығып келеді. Дегенмен, халық саны күн санап артып келе жатқан Ақсай қаласының өзінде жедел жәрдем көлігі тапшы. Сондықтан да аудан басшылығы халық денсаулығын қорғау, аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында жүйелі жұмыс жасалып келеді.

Адамдардың өмірі, халық денсаулығы – біздің ең басты қазынамыз. Мемлекет басшылығы тарапынан да бұл мәселеге ерекше мән беріледі. Биылғы жылдың соңына дейін аудандық ауруханада тозығы жеткен құрал-жабдықтар түгелімен ауыстырылатын болады. Халық денсаулығын нығайту, қауіпті жағдайларды болдырмау бағытында бірлесе атқарған жұмысы үшін жергілікті компания басшыларына алғыс айтамын, - деді салтанатты шараға қатысқан Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов.

дшдщ

Рамазан айында жомарттық көрсетіп, қайырымды іс жасаған «Қазбұргаз» компаниясы өңірдің өнеркәсібін алға сүйреп, мұнай-газ саласында өз орнын тапқан кәсіпорын. Мұнай және газ ұңғымаларын құрастыру, сынақтан өткізу, бұрғылау жүргізумен айналысатын бұл компанияның жақсы ісін жалғастыратын өндіріс орындары аз емес екен. Мәселен, аудандағы ең ірі Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. компаниясы да аудандық ауруханаға «Perseus A500» және «Fabius Plus» (жасанды тыныс алдыру функциясы бар наркоз аппараттары) компрессорларымен бірге үш анестезиологиялық жұмыс станциясын сыйға берді. Бұған қоса компания осы айдың соңына дейін аудандық ауруханаға тағы екі жедел жәрдем көлігін сыйламақ.

 кее

Батыс Қазақстан

Соңғы жаңалықтар