Күні кеше айтулы жарыста қай спортшының қанша табыс тапқаны жария етілді. Осы кештің басты бәсекесінің бесінші раундында техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Джастин Гэтжи 300 доллар алса, оған есе жіберген Тони Фергюсонның гонорары 500 мыңды құрады. Бұл ретте октагонға шыққан жігіттердің атақ-даңқы мен бұрынғы жетістіктері де ескерілді. Сонымен қоса, уақытша чемпион атағын иеленген Гэтжиге бонус ретінде тағы 100 мың табыс етілді. Фергюсонның бонусы 50 мың долларды құрады.
Тағы бір негізгі кездесуде өнер көрсеткен Генри Сехудо 350 мыңды иеленсе, Доминик Круз 300 мыңды еншіледі. Даңқты Фабрисио Вердумды ұпай санымен ұтқан Алексей Олейник 160 мыңды қалтаға басса, қарсыласы 100 мың долларды қанағат тұтты.