Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Түркістан: 18 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері еңбек етуде

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 18 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері денсаулық сақтау саласында еңбек етуде. Ал ауыл халқының саулығын қамтамасыз етуге 10 мың медбике өз үлесін қосуда.

Түркістан: 18 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері еңбек етуде

Биыл ақ халатты абзал жандар үшін қиындау жыл болып тұр. Кәсіби мерекелерін, яғни 12 мамыр - халықаралық мейірбикелер күнін карантин режимінде атап өтті. Риясыз құрметке лайық жандарды науқастар құттықтауда. Мысалы, Жетісай аудандық орталық ауруханасының медбикесі Баянсұлу Майлыбаева отбасын көрмегелі бір айдың жүзі болған. Отыз жыл өмірін медицина саласына арнаған маман инфекциялық госпитальде тәулік бойы коронавируске шалдыққан науқастармен бірге. «Мен үшін бір науқастың болса да ауруын жеңуге үлесім тисе, бұдан асқан марапат жоқ»,-дейді қауіпті індетпен күрес алаңында жүрген абзал жан.

Бұл күні облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов әр мейірбикеге құттықтау тілегін жеткізді. Сондай-ақ 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар 120 орта буын қызметкерге Құрмет грамотасы табыс етілді.

 

 

 

Түркістан облысы