25 Қыркүйек, 2013

Тағдыр

480 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

photo 62243«Атамыз Қонай батыр шалыс кісі болған екен», деп еске алады Дінмұхамед Ахметұлы естелігінде бабасы туралы. Димекеңнің ата-бабаларының «далалық тарихы» бойынша шежіре айтушылар Қонайдың шын мәнінде батыр болғанын дәлелдеп, көз жеткізе айтады. Ал, Димекең ата-бабаларына қатысты асыра сілтеп, мақтанып сөйлеуді ұнатпағандықтан төртінші атасы жөнінде «батыр шалыс кісі екен» деп қана қояды.

photo 62243 

Шежіре-дерек

Кіріспе. «Атамыз Қонай батыр шалыс кісі болған екен», деп еске алады Дінмұхамед Ахметұлы естелігінде бабасы туралы. Димекеңнің ата-бабаларының «далалық тарихы» бойынша шежіре айтушылар Қонайдың шын мәнінде батыр болғанын дәлелдеп, көз жеткізе айтады. Ал, Димекең ата-бабаларына қатысты асыра сілтеп, мақтанып сөйлеуді ұнатпағандықтан төртінші атасы жөнінде «батыр шалыс кісі екен» деп қана қояды.

Қазір бір қауым елге айналған Қонаев­тар, яғни, Қонай әулеті жөнінде айтқанда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ескі нұсқаларының бірінде есімі еске түсетін Азынабай деген байдың болғанын білеміз. Азынабай бай атақты Зорбайдың (Ауызүсігеннің) жетінші ұрпағы. Атынан көрініп тұрғандай Зорбай шын мәнінде зор кісі, тұлға түр-түсі ерекше жаратылған дала қазағы еді. Қысты күні Талас, Бал­қаш, одан әрі Сарыарқа өңірінде жылқы тебіндетіп жүріп ауызын үсітіп алады. Содан ел ішінде «Ауызүсіген» атанады.

Бір жүйрік аттың дауына байланыс­ты туыстарынан көңілі қалған Зорбай Қаратау өңірі Таластан Балқаш маңына келеді. Міне, сол Зорбайдан тарайтын оның алтыншы ұрпағы – Қонайдың түп-тегі, зәу-зәтті тегін адам емес екені осыдан көрініп тұр. Айтпақшы, Зорбай шежіре бойынша Димекеңнің он екінші атасы.

Аттас батырлар. Қазақ рулары ара­сында Қонай аттас бірнеше батыр бар. Биыл еңбек және партия ардагері Дә­мен Үсенбекова «Айқын» газетіне өзі­нің тарақты Қонай батырдың ұрпағы еке­нін дәлелдеп, мақала жариялады. Қо­най батырға ұрпақтары Семейде, Маң­ғыс­тауда ескерткіш орнат­қан екен. Газетте кесене суреттері қоса жа­рия­лан­ды. Осыған қарағанда «Қонай» деген кісі тек Димекеңнің ғана атасы емес, тағы да біраз белгілі адамдардың түп-тегі­нің түп-тұқияны екені аңғарылады. Ал, Ди­мекеңнің бабасы Қонай тіпті басқа кісі.

Маңғыстау мен Семей арасында жортып, ағайын-туыстарымен көшіп-қонып жүрген, жоңғарлармен соғысқан рулық түп-тегі беймәлім (бірде адай, бірде ар­ғын, бірде найман) Қонайдың ерлігі тіпті ерекше.

Балқаш өңірінде дүниеге келіп, Шың­ғыстау аймағында жігіттік өмірі өткен, Жетісу жерінде дүние салған Азына­байұлы Қонай Бәйдібек бидің он төртінші ұрпағы. Ұлы жүз ысты-ойықтан тарайды. Ди­мекеңнің ата-тек шежіресінде осылай көр­сетіледі. Іле-Балқаш өңірінде «Қонай-Қанай қонысы» деген жер-су атауы бар. Аң­шы­лық кезінде Димекеңе «қызыл жол­ба­рыстың» қылаң беріп елестейтін жері осы маң. Қазақта жиі айтылатын аңыз бой­­ын­ша «қызыл жолбарыс» Қонайда да болған.

Димекеңнің әкесі мұсылманша сауатты, ата-тек шежіреге сұңғыла Меңдіахмет қарияның жазба шежіресінде Азынабайдан төрт ұл туады. Солардың бір Қонай. Іле-Балқаштан Азынабай үдере көшіп, Арқадағы Тобықтыға құда түсіп, ұлы Қонайды осы елдің қызына үйлендіреді. Қыз тобықты Мамай батырдың ілік-жұ­рағаты. Арқаға келіп тұрақтаған Азынабай Шыңғыстау өңірінде ажалы жетіп дүние салады. Ру басы ақсақал қайтыс болған соң оның ұлы Қонайға тықыр таянады. Түртпектеп қайын жұрты қысым көрсете берген соң Қонай Арқадан Жетісуға көшеді. Қайын жұртына қызы мен екі әйелін тастап, ұлдарын алып бауыр басқан елімен еріксіз қоштасады. Қонайдың екі ұлы Жұмабай мен Жетібай ол кезде ержетіп келе жатса керек. Жетісу жеріне келгенде Қонайдың үлкен ұлы Жетібай 25 қыршын жасында өмірден өтеді. Қасірет әке қабырғасын қатты қайыстырады. Сөйтіп жүргенде өзі де өмірден озады.

Арқадан Қона

Соңғы жаңалықтар