«Біз үшін еліміздің әрбір жері ыстық, әрбір жері жұмақ. Мақтааралды су алды дегенде жанымыз жай таппады. Су алған елді мекендерді судан тазарту үшін су сорғыштарды сыйға беруді азаматтық борышымыз деп санадық. Құрылғылардың салмағы 3 тонна. Қажет болса мамандарымыз өздері орнатып береді», - дейді Б.Раймбердиев.
Айта кетейік, үздіксіз су тартып шығару нәтижесінде 10 мамырдан бастап Өргебас елді мекенінің көшелерімен автокөліктердің жүруіне мүмкіндік туды. Бүгінге дейін жалпы 6 123 781 текше метр су сорылды.
Түркістан облысы