25 Қыркүйек, 2013

Париждегі қазақтар

521 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

париж1Өткен жылдың желтоқсан айында менің Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген «Ислам – бейбітшілік пен жасампаздық діні» атты кітабым­ның тұсаукесері АҚШ-та өтетін болған­дықтан, Алматы қаласының бас имамы Құлмұхаммед Махамбет, көмекшім Нұржан Маханов үшеуіміз Алматыдан Майндегі Франкфуртке ұшып шықтық. Реті келіп тұрған соң жолай Парижге де соға кетейік, оның да тарихи, мәдени нысандарымен танысайық, содан соң әрі қарай Вашингтонға ұшайық деп шештік.

Өткен жылдың желтоқсан айында менің Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген «Ислам – бейбітшілік пен жасампаздық діні» атты кітабым­ның тұсаукесері АҚШ-та өтетін болған­дықтан, Алматы қаласының бас имамы Құлмұхаммед Махамбет, көмекшім Нұржан Маханов үшеуіміз Алматыдан Майндегі Франкфуртке ұшып шықтық. Реті келіп тұрған соң жолай Парижге де соға кетейік, оның да тарихи, мәдени нысандарымен танысайық, содан соң әрі қарай Вашингтонға ұшайық деп шештік.

Осыдан біраз бұрын Діни басқармаға Франция елшілігінен осы жұрттың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Шарль Бертоннэ мырзаның Бас мүфтимен кездескісі келетіні жайлы өтініш түскен еді. Қабылдадым. Ғибратты сұхбат болды. Мен еліміздегі ұлттар мен ұлыстар, діндераралық дос­тық пен ынтымақ, сыйластық туралы әңгімеледім. Ол Францияда бір­неше ұлттардың басын құрайтын миллиондаған мұсылман тұратынын, мешіттер бар екенін, олардың діни ғибадаттарын атқаруға ешқандай кедергі жоқтығын тілге тиек етті. Сөз арасында мұсылмандардың жас буыны – жастар арасында мәселелер барын, оның елді мазасыздандырып отырғанын да айта кетті. Елші мырзаның айтқандарын мұқият тыңдай отырып, өз ой-пікір, көзқарастарыммен бөлістім. Ол Қазақстан Бас мүфтиінің Францияда болып, ел тарихы мен мәдениеті, тыныс-тіршілігі және діни ахуалды өз көзімен көргенінің абзалдығын алға тартты. Соның реті енді келгендей. Оның үстіне осы елде бірнеше мың қандастарымыз тұратынынан да хабардар едік.

Әбсаттар қажы

Парижде «Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» темір жол вокзалдары бар екен. Соның «Paris Est» (Шығыс Париж) вокзалына келіп тоқ­та­дық. Бізді күтіп алуға елшіліктің ке­ңесшісі Бейбіт Сыздықбаев, Фран­­­ция­да тұратын қазақ диаспорасы бір­лестігінің төрағасы Құрманәлі және Сорбона университетінде оқитын париж­дік қарын­дасымыз Мәдина шығыпты.

Париж тегіс жерге жайыла орна­ла­сыпты. Батыс және оңтүстік жа­ғынан зәулім банк ғимараттары мен­мұн­да­лайды.

– Әне, Монмартр, ал анау Париж­дің құдай анасының күмбезі, одан алысырақта Елисей алаңы, оның батыс жағы атақты аркалы қақпа. Ели­сей Конкорд алаңына, ал ол Лувр сарайына жетелейді, – дейді бізге тәр­жі­машылық жасап жүрген Мәдина қарындасымыз. Ол осы қалада туып, осында мектепті бітірген соң атақты Сорбона университетіне түсіпті.

– Бұрындары қазақшам өте нашар еді. Тіпті, түсінуін түсінгеніммен, ана тілімізде сөйлей алмайтынмын. Содан Алматыға барып ҚазҰУ-дің шетелдіктерге арналған дайындық факультетінде қазақ тілін тереңірек оқыдым. Содан Парижге қайтып оралып, Сорбонадағы негізгі оқуымды жалғастырудамын, – дейді Мәдина.

– Алматыдан қандай жақсы, қандай ұнамсыз қылық көрдің? – деп сұрадым.

– Алматы жақсы, әдемі, көркем шаһар. Ұнады. Ұнамағаны – жұрттың ана тілінен гөрі, орыс тілінде сөйлегенді ұнататыны және соны мәртебе, мақтаныш көретіні. Өз тілін білмейтіндіктерін ешкім намыс көрмейді екен. Мені таңғалдырғаны сол болды.

Біраз үнсіз қалдық, оның шындықты айтқанына ренжіген жоқпын. Жаны күйген соң айтты ғой деп қабылдадым.

– Университетте сенен басқа қазақ жастары оқи ма?

– Иә, 4-5 қыз-жігіттер бар. Бар­лығы өздерін қазақпыз дейді. Бірақ қазақша сөйлей алмайды. Сөйлейтін ортасы да жоқ.

– Үйлерінде ата-аналарымен қазақша сөйлеспей ме?

– Біз Түркияның қазақтарымыз. Ата-аналарымыз да түрік тілінде ұғысады, сол себепті қазақшаға шорқақпыз.

– Бірақ сенің қазақшаң жатық. Тіпті, Түркияның қазағы екенің байқала бермейді.

Мәдина риза болып қалды. Мен де шындықты айттым. Мақтайын деген жоқпын. Ақиқаты солай.

Келесі күні таңертең елшілік бізге шағын автобус жіберіпті. Жүргізушісі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы­ның азаматы Ербол деген ініміз. Тәржі­машылыққа енді париждік қазақ Айтар Гөкай деген жігіт келіпті. Оны Құрманәлі жіберген. Ол өз есімінің Айтар екенін айтты. Мен Айдар шығар деп түзеттім. Ол Париждің сәулет инс­титутында оқиды. Бірақ Мәдинаға қарағанда қазақшасы әлсіздеу. Парижге «Болашақ» бағдарламасы арқылы келген қазақстандық студенттермен танысып, қазақшасын жетілдіріп жүр екен. Бірнеше рет аз уақытқа Қазақстанға барып қайтыпты. Құрманәлі оның елге барып қайтқалы ана тілін білуге деген қызығушылығының артқанын айтады.

Елисей бульварының шығыс жағындағы Конкорд алаңына бар­дық. Ол үлкен. Алаңның сол­түс­тігі Францияның үкімет үйі, Пре­зи­денттің мекенжайы және тағы да басқа ғимараттар. Алаңның ортасында құстар бейнеленген көне Мысыр жазулары бар тас монумент тұр.

Бұл тарихи көне ес­­­керт­кіш – Луксор обе­лискі немесе Клеопатра инесі деп аталатынын білетінбіз. Мысырдың бұл көне жәдігерлігінің биіктігі 23 метр. Әуелде ол Египеттегі Перғауындар орталығы саналатын Луксорда болатын. Басында екеу болған обелискілер ІІ Рамзестің кезінде Луксор ғибадатханасының кіре берісінде тұратын. Алайда, 1829 жылы Египеттің сол кездегі патшасы Мұхаммед Әли егіз обелискінің екеуін де мырзалығы ұстап Франция мемлекетіне тарту еткен. Бірақ Франция басшылығы обелискінің біреуін ғана алған. 1832 жылдың тамыз айында «Сфинкс» атты француз кемесі Александрияға келіп, 1833 жылдың 21 желтоқсанында обелискіні Парижге жеткізеді. Үш жылдан соң, яғни 1836 жылдың 25 қазанында король Луи-Филипп І-нің жарлығымен обелиск Париждің орталық келісім алаңына орнатылған.

Қазір бұл көне заман ескерткіші Франция астанасындағы ең ежелгі монумент саналады.

Ал Египеттегі Луксорда болғандар ондағы ғибадатхана кіреберісінде бір-ақ обелискі тұрғанын, екіншісінің орны бос екенін байқайды.

Одан өткен соң Лувр сарайларына бет алдық. Онда Франция патшалары тұрған. Қазір іші толған мұражай жәдігерліктері. Әсіресе, майлы бояумен салынған суреттерге біраз көңіл бөлінген. Өкінішке орай Луврдің Азия бөлігі жабық екен. Біз соны көргіміз келіп-ақ еді. Өйткені, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі шамдардың бірі осы Луврде көрінеді. Қалған екеуі Санкт-Петербургте. 1937 жылы көрмеге деп әкетілген. Қайтып береміз делінгенімен күні бүгінге дейін қайтарылмай келеді.

Елшіміз Нұрлан Дәненов түскі асқа шақырды. Париждің ортасындағы бір мейрамханаға келдік. Нұрлан Дәненовті бұрыннан білетінмін. Кеңес Одағы тарар алдында Тунисте КСРО елшілігінде қызмет еткен. Сонан соң Президент аппаратында, Сыртқы істер министрлігінде, одан кейін Қазақстанның Испаниядағы елшісі болды. Біраз жылдан бері Париждегі елшілігімізді басқаруда. Қазақстанда Францияның бірнеше компаниялары жұмыс істеуде. Мұнай, уран өндірісі жағына да француздар белсене араласуда.

Нұрланмен әдебиет, мәдениет, тарих жайлы да сөйлестік. Ол Испанияда елші кезінде осы елдің байырғы астанасы Толедо шаһарында БҰҰ-ның халықаралық үлкен конференциясы өтті. Соған мен де шақырылдым. Содан Нұрлан бауырымыз Мадридте елшілікте қабылдап, құрмет көрсетті. Конференция біткен соң бір дипломатын қосып, менің Испанияның Андалусия аймағындағы ислам жәдігерліктері көбірек сақталған Севилья, Кордова, Гренада қалаларын аралауыма мүмкіндік жасады. Мадридке оралғанда Испанияның дәстүрлі ұлттық ойыны – бұқалар айқасын көрсетті. Сөйтіп, Испаниядан елге үлкен әсер­мен оралып, ол жайлы жолжазба жария­лағаным есімде.

Нұрланмен кездесуден соң Құрманәлі бастап Париждің шығыс жағындағы, бір кездері ұлт жанашыры, біртуар азамат Мұстафа Шоқай атамыз тұрған үйді іздедік. Ол 30-жылдары Париждің Ла Фонтен көшесіндегі бір үйде пәтер жалдап тұрыпты. Ол көше онша ұзын емес. Мұстафа атамыз солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан әлгі көшенің орта тұсындағы үйдің орта қабатындағы пәтерде күн кешкен. Бізді сол көшеде «Мұстафа Шоқай француз-қазақ достық қоғамының» президенті Яшар Динч деген ақсақал күтіп тұр екен. Оның қазақшасы жақсы. Сөйтсем, ол 90-жылдары біраз уақыт Алматыда тұрыпты. Такси жүргізген. Орысшасы да бар. Қазақстанның азаматтығын да алыпты. Ол Мұстафа Шоқай туралы біраз әңгіме айтты. Мұстафа атамыздың зайыбы Мария Горина екеуі біраз қиыншылықтарды бастан өткізгендіктерін, Мария апайымыздың Мұстафаға айтпай манты пісіріп сатқа­нын да еске алды.

Ла Фонтен көшесі кезінде төменде жатқан Сена өзеніне барып тірелетін болған. Бірақ ол жерлерге қазір үйлер салынып кетіпті. Мұстафа Шоқай тұрған пәтерде күні бүгіндері бір ауқатты кісі тұратын көрінеді. Яшар бауырымыз пәтер иесіне барып, оны сат деген ұсыныс жасапты. Онда тұратын босниялықтың сататын ниеті жоқ. М

Соңғы жаңалықтар