Коронавирус • 12 Мамыр, 2020

Коронавирустан емделгендер саны көбейіп келе жатыр - Айжан Есмағамбетова

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова бүгінде елімізде коронавирустан емделгендер саны індет жұқтырғандардан көбейіп келе жатқанын айтты.

Коронавирустан емделгендер саны көбейіп келе жатыр - Айжан Есмағамбетова

«Бүгінде коронавирустан емделгендер саны 2074-ке жетті. Кеше ғана 130 адам емделіп шықты. Бүгін тағы 15 адам емделіп шығады деп жоспарлануда. Соңғы күндері емделгендер саны індет жұқтырғандар санынан көбейіп келе жатыр. Бұл - өте жақсы көрсеткіш, коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақталып келеді деген сөз. Бұл - елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінің нәтижесі деп айтуға болады», - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, наурыз айында ауырғандар санының өсуі 150%-ды көрсетсе, соңғы тәуліктерде аурудың өсу көрсеткіші 2,3%-ды ғана көрсетуде.

«Бір апта ішінде бұл көрсеткіш 5%-дан аспады. Төтенше жағдай режимінің аяқталуы карантин шаралары түгел тоқтайды деген сөз емес. Біз әлі де карантин режимін сақтауымыз керек. Ол елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп жеңілдетіледі», - деді ол.