25 Қыркүйек, 2013

Көпшілік қолдауының нақты дәлелі

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге Христиан-демократиялық одағының парламенттік сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта сайлау қорытындылары А.Меркельдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жөніндегі қызметі мен Германияның халықаралық рөлін нығайтуға бағытталған сая­сатына көпшіліктің көрсеткен қолдауының нақты дәлелі екені атап өтілген.

«Соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы өзара қарым-қатынастар барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өткім келеді. Алдағы уақытта да біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге шығару үшін бірлескен күш-жігерімізді аямайтынымызға сенімдімін», – делінген құттықтау жеделхатында.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Федералдық канцлерге зор денсаулық пен бақыт, ал достас Германия халқына мол игілік және бейбіт өмір тілеген.

Соңғы жаңалықтар