Аймақтар • 12 Мамыр, 2020

Алматы әуежайында 150 миллион еуроға арналған жаңа терминал пайда болады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға сапары барысында TAV Airport Holding түрік компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптан әуежай үшін жаңа терминалдың салынатынын айтты.  

Алматы әуежайында 150 миллион еуроға арналған жаңа терминал пайда болады

Жобаның құны 150 миллион еуроға бағаланады, терминалдың жалпы ауданы 55 мың шаршы метрді құрайды. Жолаушылар тасымалы - жылына 6 млн  адам. Терминал 2022 жылдың II тоқсанында ашылады деп күтілуде.

Еске салайық, Алматы әуежайын  TAV әуежайлары холдингіне  415 миллион долларға сатты, бұған дейін түрік компаниясы Алматы портына 150 миллион еуро құйғысы келетінін мәлімдеген болатын.

TAV әуежайлары түрік компаниясы, оның 46%-на  француз Groupe DPE иелік етеді.

Groupe ADP Париж-Шарль де Голль, Париж-Орли және Париж-Ле Бурж сияқты әуежайларды дамытады және басқарады.

2018 жылы топ француз әуежайлары арқылы 105 миллионнан астам жолаушыны және шетелдік әуежайлар арқылы 176 миллионнан астам жолаушыларды тасымалдады.