Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Талапкерлер ЖОО-ға құжатты электронды түрде тапсырады

4806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдай бастайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі өткізген онлайн конференцияда айтылды.

Талапкерлер ЖОО-ға құжатты электронды түрде тапсырады

«Цифрландыру мәселесі өте өзекті болып тұр. Біз биыл бірінші рет цифрлық режимде ҰБТ тапсыруға құжаттарды қабылдадық. Алдыңғы жылмен салыстырғанда құжаттардың саны біраз көбейді. Цифрландыру мәселесі ары қарай да біздің басты назарымызда болады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Онлайн конференцияда жыл сайын ЖОО-ларға құжат тапсыру мәселесі де айтылды.  «Жыл сайын 300 мыңнан астам түлек құжат тапсырады. Құжаттар пакеті фотосурет, көшірме, куәліктен және басқа да құжаттардан тұрады. Жыл сайын осындай құжаттарды тапсыруға 1 мрлд теңге жұмсалады. Сонымен қатар құжаттарды барып тапсыру, кезекке тұру керек. Мұндай қажетсіз кезекке тұруды болдырмау үшін құжаттарды қабылдауды автоматтандыру керек. Биыл барлық білім беру ұйымдарына қабылдау Электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталда кішкене апаттық жағдай орын алғандықтан, оның қалай жүзеге асырылатынын қазір көрсете алмаймыз. Маусым айынан бастап барлық ЖОО-лар құжаттарды электронды түрде қабылдайды», - дейді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары.