Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

ТЖ кезінде қолдану мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру биыл 10 шілдеге дейін айыппұл санкцияларынсыз жүзеге асырылатын болады.

ТЖ кезінде қолдану мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды

Елімізде төтенше жағдай режимін енгізгеннен кейін ХҚКО жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылды және бірқатар мемлекеттік қызметтер, оның ішінде жеке басты куәландыратын куәліктерді қайта рәсімдеу бойынша қызметтер көрсетілмеді, делінген polisia.kz мәліметінде. Төтенше жағдайды енгізу форс-мажорлық жағдай деп танылады, сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы қаулы қабылдады:

-  «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттар;

 - жүргізуші куәліктері, оның ішінде міндетті техникалық байқаудан өту туралы уақытша куәліктер;

- азаматтық және қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар;

- кіруге және кетуге арналған рұқсаттар (визалар), Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға арналған рұқсаттар, еңбекші көшіп келушіге және шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушіге рұқсаттар, пана іздеуші адамның куәлігі.

Жарамдылық мерзімі төтенше жағдай кезеңінде өткен жоғарыда көрсетілген құжаттар төтенше жағдай жойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде, яғни биыл 10 шілдеге дейін жарамды деп танылады. Төтенше жағдай режимі кезеңінде және ол аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде он алты жасқа толған және жеке басты куәландыратын құжат алмаған азаматтар үшін туу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты көрсетілген кезеңде жеке басын куәландыратын негізгі құжат болып табылады.