Медицина • 12 Мамыр, 2020

Қанттан келер қауіп көп

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қант – ең зиянды өнім. Медицина ғылымдарының докторы, дәрігер-диетолог Алексей Ковальков солай дейді. Ирина Шихманның YouTube арнасындағы бағдарламасына берген сұхбатында дәрігер қанттан келер қауіп жайлы жан-жақты айтты.

Қанттан келер қауіп көп

Дәрігер құрамында фруктоза мен глюкозасы бар, жасанды жолмен алынған өнімді тек белгілі бір аурулары бар адамдар ғана емес, адамзат баласы рационынан алып тастау керек деп есептейді.

«Жер бетінде қанттан басқа ешқандай өнім өлімді мұнша көбейтіп, адамдардың денсаулығын ақауға ұшыратқан емес. Адамдардың ағзасы қантқа, яғни, көп көлемдегі көмірсуға бейім еместігі осыдан байқалады» дейді дәрігер.

Оның айтуынша, Мәскеу тұрғыны орташа есеппен жылына 70 килограмм қант тұтынады. Ұйқы безі мұны көтере алмайды.

Дәрігер адамдардың қандағы қант деңгейін тексертіп тұруды тұрақты әдетке айналдыруы қажеттігін баса айтты. Ол алты бірліктен аспауы шарт.