Спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілмейді. Азық-түлік базарларының жұмысы таңғы сағат 10.00 мен кешкі 17.00 арасында жалғасса, киім-кешек, өзге де заттар сататын дүкендер дезинфекция жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізе отырып, таңғы 9.00-20.00 аралығында жұмыс істейді. Балабақшаларда кезекші топтар өз жұмысын бастайды. Алайда, мұнда тек ауруханадан анықтамасы бар тәрбиешілер ғана жұмыс істеуі тиіс. Бүлдіршіндердің денсаулығына қатысты анықтама талап етіледі. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте адам көп жиналуына жол берілмейтін сұлулық салондары, тігін цехы, аяқ киім жөндеу орындары, шаштараз, тіс емдеу, ем жасау орындары секілді шағын кәсіпкерлік нысандары да алдын-ала жазылу тәсілімен жұмысын бастай алатынын мәлімдеді. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы N17 Қаулысымен бекітілген талаптарды атап келтірді.
Яғни, үйден шығуға, серуендеуге тек маска тағып, ара қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етілетінін, отбасылық мерекелер, туған күн, той-жиын өткізуге, үш адамнан артық топтың көшеде және қоғамдық орындарда жиналуына салынған тыйым күшінде қалатынын ескертті. Облыс аумағына рұқсат қағазы бар автокөліктер мен азаматтар және медициналық көмек қажет болған тұрғындар ғана кіріп-шыға алады.