Әлем • 12 Мамыр, 2020

Қазақ-Қытай тілдерінде әлем медбикелеріне ән арналды (видео)

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін бүкіл әлем Халықаралық мейірбикелер күнін атап өтуде. Биылғы ақ халатты жандардың мерекесі дүниежүзі халқын уысында ұстаған індетпен, жаһанға жайылған пандемиямен қатар келді.

Қазақ-Қытай тілдерінде әлем медбикелеріне ән арналды (видео)

Ал осындай күрделі күндерде тәулікпен санаспай, отбасын айлап көрмей, денсаулық саласына қызмет көрсетіп жатқан мейірбикелердің армиясы мыңдап, миллиондап саналады. Олар науқастардың ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына қарап жіктемей, күндіз-түні пациенттердің жанынан табылып отыр.

Тіпті, коронавирустық пандемия кезінде мыңдаған медбике жұмыс барысында індетке шалдықты. Бірқатар мемлекеттерде жүздеген медицина қызметкері осы вирустан көз жұмды.

Сонымен, бүгін денсаулық сақтау саласындағы маңызды мереке - Халықаралық медбикелер күніне орай, ақ халатты періштелерге қазақ-қытай тілдерінде ән арналды.

Шекара таңдамайтын бұл індетті Құдай қосқан көршілеріміз - Қытай елі күш біріктіріп, ауызбіршілік танытқанда бірлесіп жеңетінімізге жігерлендіреді.